COVID-19: Енді 12 қала тұрғыны ХҚКО-ға тек алдын ала бронмен баруы тиіс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтардың көптеп жиналуын және вирусты жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында кейбір өңірдегі ХҚКО-лар азаматтарды қатаң түрде тек алдын жасалған брон негізінде қабылдайды.
Бұл туралы «Азаматтарға арналған Үкімет» МК баспасөз қызметі хабарлады.
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері Нұр-Сұлтан, Атырау, Қостанай, Рудный, Тобыл, Талдықорған, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен және Семей қалаларының ХҚКО-ларының жұмысы бойынша арнайы шешім шығарды. Енді келушілерді қабылдау тек алдын ала жазылу арқылы жүзеге асырылады, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл өзгерістер ауылды жерлер мен аудан орталықтарының ХҚКО-ларының жұмысына еш әсер етпейді.
ХҚКО ғимаратында қатаң түрде бетперде тағу тәртібін сақтау қажет. Қашықтықты сақтау үшін арасы 1,5-2 метр болатын белгілер сызылған. Әрбір ХҚКО-да санитайзерлер бар.
Брондауға өтінім қалдыру үшін азаматтар egov.kz электрондық үкімет порталын, eGovKzBot2.0. телеграм-ботын пайдалана алады немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шала алады. Брондау рәсімінен кейін азаматқа ХҚКО-ға бару уақыты туралы тиісті смс-хабарлама жолданады.
Біздің әріптестеріміз фронт-офистерде қызмет алушылармен тікелей байланыста. Біз келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге тырысамыз. Сондықтан қызмет алушыларға қандайда ауру белгілері байқалса, ХҚКО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз, – дейді мемлекеттік корпорацияның төрағасы Әділ Кожихов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда алимент төлемеген азаматтың көлігін алып қойды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы