COVID-19. Елордадағы сырқаттану деңгейі республикалықтан 2,1 есеге жоғары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша есеп және карантин режимінің сақталуын бақылайтын мониторинг тобының жұмысына арналған брифингте айтты.
4 қазандағы жағдай бойынша 14 709 науқас тіркелді. Оның ішінде 9030 симптомы бар, 5679 науқас симптомсыз ауырып жатыр. Қалалық сырқаттанудың орташа көрсеткіші республикалық орташа көрсеткіштен 2,1 есеге жоғары. 14 709 жағдайдың 200-і сырттан, 10 523-і жергілікті жағдайлар, 3986 байланысты болған тұлғалар арасынан шықты. Барлығы 18 774 байланыста болған тұлға анықталды. Бүгінгі таңда 17 776 адам карантиннен шықты, - деді ол.
Пралиева атап өткендей, жас бойынша коронавирусты көп жұқтырған адамдардың жасы 40 –тан жоғары. Олардың үлесі 42 пайызды құрап отыр.
0-18 жасқа дейін 8 пайыз, 18-29 жасқа дейін 22 пайыз, 30-39-ға дейін 28 пайызды құрап отыр. 1 қазаннан бастап аптасына 46-дан 199 жағдайға дейін өсті. Тәулігіне 20-дан 34-ке дейін өсті. Ересектер арасында, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы адамдар арасында індет анықталды. Соңғы жеті күн ішінде репродуктивтілік 1-ден асып кетті. Соңғы аптада індет алдыңғы аптаға қарағанда 1,3 есеге немесе 27 пайызға жоғары, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордалық оқушылар күзгі демалысты қалай өткізеді?
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы