COVID-19. Елімізде 20 науқастың жағдайы аса ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 6,6 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 6 601 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 397 бала бар. Стационарларда 2 727 науқас жатыр. 3 874 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 188 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтырған 720-дан астам адам тіркелсе, 130-дан астам адам қатерлі індеттен айыққаны және 170-тен астам адам пневмониямен ауырғаны хабарланды.