COVID-19: Елімізде 100 науқастың жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 20 тамызда коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат таратты.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 15 904 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 64 өскіншек бала бар. Стационарларда 6 942 науқас жатыр. 8 962 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 350 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 100 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 63 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 15 науқас қайтыс болды, - делінген хабарламада.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы