COVID-19: Елге 252 жолаушы ПТР-анықтамасыз ұшып келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 31 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз ұшып келген қазақстандықтан COVID-19 анықталды, ҚР Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
2021 жылғы 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, Түркия және БАӘ 7 халықаралық әуе рейсі келді.
811 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 661 адам, анықтамасыз 150 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 472 жолаушы, анықтамамен - 363, анықтамасыз - 109;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 339 жолаушы, анықтамамен - 298; анықтамасыз - 41.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2020 жылдың 31 желтоқсанында анықтамасыз келген 252 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы