COVID-19: екінші толқында әлем экономикасы 7,5 %-ға құлдырауы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індеті әлем экономикасын қатты тоқырауға ұшыратты. Індеттен дүние жүзінің экономикасы әжептәуір төмендеуі ықтимал.
Бұл туралы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Анхель Гурриа мәлімдеді. Ғаламдық экономиканың мұншалықты құлдырауы соңғы 100 жылда алғаш рет тіркеліп отыр, дейді мамандар. Ал Австралия ғалымдары бұған дейін індеттен 2025 жылға дейін әлем экономикасына 35 триллион доллар шығын келетінін айтқан.
Әлем елдері коронавирустан туындаған дағдарысқа қарсы шараларды әлі қабылдап жатыр. Індеттің беті қайтқан жоқ. Биыл әлем экономикасы дағдарыстан 6%-ға азаяды деп болжағанбыз. Бірақ, індеттің екінші толқыны болса, құлдырау 7,5 %-ға жетуі мүмкін, - деді Анхель Гурриа.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде коронавирустан жазылып шыққандар саны 100 мыңнан асты
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы