COVID-19: Екі аптада сауығып шыққандар саны 63 пайызға артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрліктің баспасөз қызметі Telegram парақшасында хабарлады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде екі аптада коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың тәуліктік өсімі 4-тен 2,1 пайызға дейін төмендеді, сауығып кеткендердің саны 63 пайызға артты, жедел жәрдем шақырушылар саны 23 пайызға төмендеді, провизорлық төсектер 20 пайызға, ал реанимациялық төсектерде жатқандар саны 6 пайызға түсті.Жұқпалы және провизорлық стационарларда 1958 ӨЖЖ аппараты бар. Сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп 4183 аппарат сатып алу жоспарлануда, олардың 3105-і отандық өндірушілерден сатып алынады.
Сонымен қатар, 21 мыңнан астам төсек оттегіге қосылады, 17 762 төсек оттегі концентраторларымен жабдықталады.
Тәулігіне 32 мың тест жасайтын 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды. Бір рет қолданылатын медициналық үш қабатты масканың шекті-бөлшек бағасы 28% арзандады.
Үйде медициналық көмек көрсету үшін 3 мыңнан астам МСАК мобильді бригадасы құрылды. Шілде айының соңында бригадалардың саны 3 500-ге дейін артады. Емханалардағы call-орталықтар саны 16 пайызға көбейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 3399 мобильді бригада жұмыс істейді
Келесі жаңалық
Жетісуда дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
Өзгелердің жаңалығы