"COVID-19-дан бірнеше есе жылдам". Үндістанда жарқанаттар қатерлі вирус таратып жатыр
Үндістанда жарқанаттар Nipah деп аталатын қатерлі вирусты таратып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Хабар 24" мәліметінше, ол вирус жарқанаттардан адамдарға жұғады екен. Ғалымдардың сөзінше, бұл вирус жануарлар ұстаған немесе тістеген тропикалық жемістерді жегенде адамға жұғуы ықтимал.
Қазір аталған вирусқа қарсы вакцина жоқ. Сол себепті жабайы табиғаттағы ең қауіпті патогендердің бірі саналады. Бұдан бөлек Nipah - ДДСҰ тізіміне енген эпидемиялық әлеуетке ие вирустардың бірі.
Керала штатында жарқанаттардың 40-тан астам түрі бар. Олар негізінен ормандарды мекен етеді. Ал ол ормандарды қазір құрылыс тұрғызу үшін немесе ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін тазартып жатыр.
Ғалымдардың пікірінше, бұл вирустың таралуына қолайлы жағдай туындатады.
Бұл вирусты жұқтырғанда өлім-жітім деңгейі өте жоғары, шамамен 70-тен 100%-ға дейін. Адамнан адамға берілу жылдамдығы да жоғары. COVID-19-дан бірнеше есе жылдам десе болады. Сол себепті бұл вирустың таралуына қарсы шараларды қолға алуымыз керек, - деді Керала штатының денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту министрі Вина Джордж.