COVID-19. Цой ШҚО-дағы жағдайды өз бақылауына алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі және Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бастаған үкіметтік делегация COVID-19 ауруымен аймақтағы ағымдағы жағдайды жіті зерттеу үшін Шығыс Қазақстан облысында болды.

Облысқа 7 қарашада келген Үкіметтік делегация өңірдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша кеңес өткізді.

А.Цой 31 қазаннан бастап облыста аурушаңдық деңгейі күн сайын артып жатқанын еске салды. Өйткені, аймақта тәулігіне 200-ден астам жаңа жағдай анықталып отыр.

6 қарашада коронавирус инфекциясымен 250 науқас тіркелсе, 7 қарашада - (көрсеткішті қою керек) адам вирус жұқтырған. Сонымен қатар, 20-дан астам адам індет жұқтырған 2 ірі ошақ анықталған.

28 қазаннан бастап R репродуктивті саны 1,2-ден асады, бұл аурудың өсу жылдамдығының жоғарылағанын көрсетеді. Бұл апта сайынғы аурушаңдық деңгейінің өсуінен көрінеді. Жоғарыда көрсетілген индикаторлар ШҚО эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасындағы «жасыл» аймақтан қазан айының басында «сары» аймаққа, содан кейін «қызыл» аймаққа көшуіне себеп болды, - деді министр.

Шығыс Қазақстан облысы ПТР тестілеу үшін 13 зертханалық лабораториямен қамтылған, тәуліктік сыйымдылығы 4048 құрайды.

ПТР анализдерінің санын талдау және жаңа жағдайларды анықтау Шығыс Қазақстан облысында аптасына 12000-15000 құрайды. ПТР-сынақтары науқастар үлесінің күрт өсіп жатқанын көрсетеді, - деді А.Цой.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында инфекциялық және карантиндік ауруханалар орналасқан 30 денсаулық сақтау мекемесі бар. Облыста барлығы 3017 жұқпалы және 220 карантиндік төсек орналастырылған, оның ішінде 5 қарашадағы мәліметтер бойынша 767 жұқпалы және 42 карантиндік төсек орналастырылған: жұқпалы төсек-орындардың пайызы - 21%, карантиндік орындардың толуы - 5,3%.

Бүгін жұмыс сапарының екінші күні. А.Цой Ана мен бала орталығына барудан бастады. Аталмыш нысан былтыр 24 желтоқсанда пайдалануға берілген. Бүгінгі күні мұнда 444 адам жұмыс істейді, оның ішінде 92-сі дәрігер. Орталық стационарлық және мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. 2020 жылдың бірінші тоқсанында бос орындар саны 331 құрады.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі облыстық мамандандырылған медициналық орталықта, дәрігерлік амбулаторияда және No4 қалалық аурухананың өкпе орталығында болды. Клиникада 136 төсектік инфекциялық аурухана бар, субинтенсивті терапия, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімдері жұмыс істейді. Аурухана компьютерлік томографпен, ПТР-мен, клиникалық және жедел жәрдем зертханаларымен, операциялық бөліммен және рентген диагностикалық кабинетімен жабдықталған.

Бұдан соң А.Цой тәулігіне 115 орындық және стационарлық медициналық көмекке арналған 85 орындық Шығыс Қазақстан облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығының жұмысымен танысты. Орталықта 100 келушіге ауысымдық негізде қызмет көрсететін емхана бар, онда барлық қажетті қызмет түрлері көрсетіледі.

Сапар соңында үкіметтік делегация эпидемиологиялық жағдайдың ушығып тұрғанын және инфекциялық бақылау шараларын күшейту қажеттігін айтты, коронавирус инфекциясымен күресу бойынша кеңес өткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы