COVID-19 британдық штам. Өзбекстанда алғашқы науқас тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда алғаш рет коронавирустың британдық штамы тіркелді. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары мәлімдеді.
Мутацияға ұшыраған вирус 23 қаңтарда Дубайға отбасымен бірге барып қайтқан ташкенттік 11 жасар қыздан анықталған. Одан вирус әуежайдан экспресс-тест тапсырғанда шыққан. Осыдан кейін кішкене қыз жедел жәрдем арқылы жұқпалы ауруханаға жеткізіліп, зерттеу жүргізілген.
Дәрігерлердің айтуынша, науқастың халі бірқалыпты. Қазір ем-дом алып жатыр. Оның жанұясының өзге мүшелерінен жаңа штамм анықталмаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бейбіт белбеуінен айырылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы