COVID-19. Бразилияда бір тәулікте 40 мыңға жуық жағдай тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Бразилияда коронавирусты 39 436 адам жұқтырған. Науқастардың жалпы саны 1 145 906-ға жетті, деп хабарлады РИА Новости.
Өткен 24 сағатта 1374 науқас көз жұмды. Коронавирустан қайтыс болған науқастардың жалпы саны 52 645-ке жеткен. Бұған дейін Бразилияның федералды соты ел президенті Жаир Болсонаруды қоғамдық орындарда медициналық маска киюге міндеттеген еді.Айта кетейік, коронавирус індетіне әлем бойынша 9,1 млн адам шалдықты. Оның 4,5 млн-ы сауығып кетсе, 473 мыңы көз жұмды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы