COVID-19 бойынша дәрілік заттардың 48%-ын отандық тауар өндірушілер өндіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінгі Үкімет отырысы барысында мәлімдеді.
Бірыңғай дистрибьютордың 2009 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі жұмыс кезеңінде 3600 атаулы дәріні жеткізу бойынша 32 отандық тауар өндірушімен 63 ұзақ мерзімді шарт жасалды. Олардың 586-сы 2020 жылы жеткізіледі, қалғандары өндірістік алаңдарды іске қосу процесінде. Айта кету керек, COVID-19 індеті бойынша дәрілік заттардың 48%-ын отандық тауар өндірушілер өндіреді, бұл эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өңірлердің қажеттіліктерін жедел жабуға мүмкіндік береді, - деді Цой.
Министр 10 жыл ішінде отандық тауар өндірушілердің өнімі шамамен 300 млрд теңгеге сатып алынғанын, ал оның үлесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде бүгінгі күні 70%-ға жеткенін айтты.
Бұған дейін ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарына сәйкес, елімізде 30-дан астам жаңа ірі фармацевтикалық өндіріс іске қосылатынын мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде 2025 жылға дейін 30-дан астам жаңа ірі фармацевтикалық өндіріс іске қосылады
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы