COVID-19: Елімізде тағы бір вакцина тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ тағы бір коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны тіркеді.

9 қыркүйекте наноэмульсиялық майлы адъювант негізінде жасалған SARS-CoV-2 (COVID-19) вакцинасы ДДСҰ-на тіркелген вакциналар тізімін толықтырды.

Бұл туралы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакцинология орталығының директоры, профессор Қайсар Табынов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Бұл вакцина - ҚР АШМ Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакцинология орталығы мен ҚР ДСМ М. Әйкімбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығының бірлескен әзірлемесі. Қазір клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізіліп жатыр. 

Зерттеуге қатысып жатқандардың барлығына алғыс айтамын. Жұмыс өте көп! Барлығыңызға сәттілік тілеймін! Бастамамызға ерекше қолдау көрсеткен Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполовқа, BSL3 и ABSL-3 зертханаларында зерттеу жүргізуге мүмкіндік берген М. Әйкімбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы бас директоры Тоқтасын Ерубаевқа ерекше алғысымды білдіремін. ҚР АШМ мен ҚР ДСМ ғалымдары бірігіп жақсы жұмыс атқарды, - деді профессор.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы