COVID‑19 бен тұмауды қалай ажыратуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ең әуелі COVID‑19 және тұмаудың ұқсас клиникалық көрінісі бар.

Бұл туралы бүгін ауылдық фельдшерлерге арналған вирустық инфекциялардың алдын алу және қорғау бойынша онлайн-семинар кезінде жоғары санатты невролог-эпилептолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Неврология кафедрасының психиатрия және наркология курсының доценті Алтынай Елубаева айтты.

Біріншіден, COVID‑19 және тұмаудың ұқсас клиникалық көрінісі бар. Яғни, екі вирус та симптомсыз түрден жеңіл көріністі аурудың ауру түріне дейін немесе өлім-жітім жағдайына дейін алып келетін респираторлық ауруларды туындатады. Екіншіден, екі вирус физикалық байланыста, яғни, ауа арқылы арқылы, сондай-ақ ластанған заттар арқылы беріледі. Осылайша, екі жағдайда да денсаулық сақтаудың бірдей шаралары тиімді саналады. Мысалы, қол гигиенасы және тыныс алу этикеті (жөтелгенде немесе түшкіргенде шынтақты бүгу арқылы ауыз бен мұрынды жабу), - дейді ол.

Дәрігер семинар барысында екі вирус түрінің бір-бірінен айырмашылығына да тоқталды.

Маңызды айырмашылықтарға қатысты инфекцияның берілу қарқынын айтуға болады. COVID‑19 кезінде генерацияның (бір адамның екіншісіне жұғу процесі) пайда болу уақыты 5-6 күнді құрайды. Ал тұмау жұқтырған кезде ол небәрі 3 күнде білінеді. Бұл тұмаудың COVID‑19-ға қарағанда тез таралуы мүмкін дегенді білдіреді. Бірақ, кейбір науқаста COVID‑19 симптомдары анықталғанға дейін 24-48 сағат бұрын вирустың пайда болуы мүмкін екендігі туралы мәліметтер де бар, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы