COVID-19 бен пневмониядан 40-қа жуық науқас көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ баспасөз қызметі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 5 мамырдағы ақпаратты жариялады.

5 мамырдағы мәлімет бойынша, 44 572 адам коронавирус инфекциясынан (44 202 КВИ+ және 370 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 015 пациент стационарда, 29 557 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, - делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 784 адамның жағдайы ауыр,
• 196 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 117 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Сонымен қатар министрлік COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі деректі ұсынды.

2021 жылғы 3 мамырдағы мәлімет бойынша 29 жаңа жағдай тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталған. 65 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 53 122, өлім жағдайлары - 817, барлығы 51 935 адам сауығып шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы