COVID-19-бен күрес. Бұрынғы алматылық Израильдің тәжірибесі жайлы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль вакцинация бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болды. Мұнда ересек тұрғындардың 80 пайызға жуығы коронавирусқа қарсы екпе алған. Наурыз айының басында премьер-министр Беньямин Нетаньяху Израиль COVID-19-ны жеңген алғашқы ел болды деп мәлімдеді. Вакцинация қалай өтті, Таяу Шығыс елінде коронавируспен күрес қалай жүргізілді? Бұл сауалдарға алматылық Александр Розенблум Тengrinews.kz сайтына жауап берген екен.

Қатаң карантин 

Александр Розенблум Хайфадан 30 шақырым жерде орналасқан кішкентай Кармиэль қаласында 30 жылға жуық тұрып жатыр, авиация саласында жұмыс істейді. Ол 2020 жылдың наурыз айында карантин жарияланған кезде көптеген кәсіпорын жабыла бастағанын айтты. Компаниялар қызметкерлер санын 30 пайызға дейін қысқартқан кездері де болыпты. 

2020 жылдың 17 наурызында ел қатаң карантинге толықтай жабылды. Барлығында үрей, қорқыныш болды. Кәсіпорындар жабылды, адамдарға далаға шығуға тыйым салынды. Тек аса маңызы бар компаниялар ғана жұмыстарын жалғастырды. Алғашқы 3 айда ең көп зардан шеккен қарттар үйі болды. 90 жастан асқан адамдар көз жұмды. Қарттарды аман алып қалу үшін қарттар үйлері толығымен жабылды, тіпті балаларының келуіне тыйым салынды.  Адамдарды еңбек демалысына жіберді, мен өзім үш ай жұмыссыз отырдым. Бұл ретте ұлттық сақтандыру институты жалақының 70 пайызына дейін төлеп тұрды. Израильде орташа жалақы 3 мың доллар. Схема мынадай болды: компания уақытша жабылуы туралы және қызметкердің жалақысы туралы ақпаратты Ұлттық сақтандыру институтына берді. Төлем ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес және 5 мың доллардан аспауы керек еді, - деді Александр Розенблум. 

Александрдың айтуынша, алғашқы локдауннан кейін коронавируспен ауыратын науқастар көп болмаған, дегенмен көбінің жақындары ауырған.

Үйден тек дүкенге, дәріханаға, дәрігердің қабылдауына баруға рұқсат және жерлеу рәсіміне, діни рәсімдерге 10 адамнан артық жиналуға болмайды. Маска киіп және қашықтықты сақтау қажет болды. Маскасыз жүргені үшін айыппұлдар 160-180 доллар (77 220 теңге) болды. Эпидемия басталғаннан бері смартфонда қосымша пайда болды, оған сәйкес науқастардың қайда жүргенін бақылауға болады. Арнайы қызметтер барлық байланыста болған адамдарды бақылап, екі апталық карантинге жатқызды, - дейді бұрынғы алматылық. 
Израильдегі қатаң карантин 3 айға созылды, кейінірек олар оны жеңілдете бастады, бірақ айыппұл сомасын көбейтті. Маскасыз жүргені үшін 350 доллар (150 150 теңге) айыппұл салынды. Кәсіпорынды немесе бутикті рұқсатсыз ашқаны үшін айыппұл 3500 долларға (1 501 500 теңге) дейін жетті.

Вакцинация 

Израильде халықты жаппай вакцинациялау 2021 жылдың қаңтар айында басталды. Мемлекет ол үшін американдық Pfizer препаратын сатып алды. Александрдың айтуынша, ең алдымен вакцинация аға буын және созылмалы аурулармен ауыратын адамдарға егілген. Sms арқылы вакцинацияға шақырып, вакцинациялауға болатын ең жақын пункттің мекен-жайы жіберіліп отырған. 

Қалалық және аудандық емханалардан, ауруханалар мен медициналық орталықтардан басқа, үлкен қалалардағы жылжымалы егу орталықтары да жабдықталды. Ал соңғы уақыттары мобильді бригадалар вакцинация жасау үшін кәсіпорындарға тікелей баруда. Бүкіл халық жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлінді. 

Алдымен 60 жастан асқан адамдар егілді, бір аптадан кейін 50-ден 60 жасқа дейін, кейінірек 40-тан 50 жасқа дейінгі топ қосылды. Бірінші кезеңде балаларға вакцинация жасалмады, вакцинацияға тек 18 жастан бастап рұқсат етілді, кейін 16 жылға дейін төмендетілді, біраз уақыттан кейін - 14-ке дейін, ал жақында 12 жастан бастап ресми түрде рұқсат етілді. 

Айта кетейік, алғашқы американдық вакцинаны 2020 жылы 19 желтоқсанда премьер-министр Беньямин Нетаньяху салған еді. Александр Үкіметтің ең бірінші міндеті әр израильдікті вакцинациялау міндеті тұрғанын айтты. Бүгінгі күнде халықтың 80 пайызға жуығы вакцинацияланған. 


Бізде сақтандыру медицинасы мен вакцинациялар осы кешенге кіреді. Емханаларда ауру адамдар кіруге болмайтын жеке кіреберіс ұйымдастырды. Онда көптеген бөлме, көптеген әскери медбике мен медбикелер болды. Адам сол белгіленген есіктен кіреді, оған инъекция жасалады, 15 минут сайын оның жағдайын бақылап, қарап отырады. Содан кейін олар екінші вакцинация күнін тағайындайды, - деді Александр. 

Елде вакцинацияға қарсы адамдар да болған. Әлеуметтік желілерде вакцинаға қарсы үгіт жүргізген адамдар да болған. Олар Pfizer вакцинасы жеткілікті зерттеліп, дамымаған деп сендірді. 

Елде вакцинацияға қарсы күшті қозғалыс пайда болды, олар вакцинацияға емханаларда кезекке тапсырыс беріп, артынша бармауға үгіттеп отырды. Өйткені Pfizer минус 70 градус температурада сақталуы керек, дәрігерлер оны шығарған кезде ол қызады, ал егер адам келмесе, дәрігерлер оны тастауға мәжбүр болады. Бірақ медицина қызметкерлері қажет болған жағдайда адамдарды көшеден шақырып алып келіп егіп жатты. Осылайша вакцина жарамсыз болып қалмады. Кейін вакцинацияға қарсы екінші қозғалыс болды, - деді ол. 
Александр бүлікшілерді арнайы қызметтер тез тауып отырғанын айтады. Ал бір ер адам коронавирустан туысы қайтыс болғаннан кейін вакцинаға деген көзқарасын өзгертіпті. 

1 наурызда Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен аурып тұрған және жас шамасы 16 жасқа толған жеткіншектерге вакцина салуға рұқсат берді. Тек ауырып тұрғаннан кейін кейін үш ай уақыт өту керек. Коронавируспен ауырып тұрған адамдарды вакцинациялау 2 наурызда басталды. Ауырмағандарға қарағанда, ковидпен ауырып тұрғандар иммунитетті нығайту үшін вакцинаның бір ғана дозасын алады. 31 наурызда Pfizer коронавирустық вакцина 12 жастан асқан жасөспірімдер үшін жүз пайызға тиімді деп жарияланды. 


Наурыз айының басында Израиль билігі карантиннің жеңілдегенін жариялады. Елде дәмханалар, мейрамханалар, спорт залдары, көрмелер, бассейндер, кинотеатрлар мен туристік орындар қайтадан жұмысын жалғастырды. Барлық шектеу тек «жасыл» төлқұжаттардың иелері үшін алынып тасталады. Вакцинация алған адамдарда шетелден оралғаннан кейін немесе жұқтырған адаммен байланысқаннан кейін оқшауланудың қажеті жоқ. Бірақ қоғамдық орындарда бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау әді де қажет. 

1 сәуірден бастап Израильде көшеде бетпердекимеуге рұқсат беруге уәде берген екен, бірақ жабық мекеелерде бетперде кию міндетті. Александрдың айтуынша, бұл мәселе жөнінде әзірге талқылау жүріп жатыр.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы