COVID-19 белгілері бар пневмонияның 160 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 26 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 160 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 73 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45265, 489 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 32669 жетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
КВИ мен пневмониядан 13 адам көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы