COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 84 науқас анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Coronavirus2020.kz сайтында 2020 жылғы 24 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат тарады.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 84 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 823 адам емделіп шықты, - делінген хабарламада.1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 22744, 258 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 4519 жетті.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 597 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 52 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 673 науқас жатыр. 4 924 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 309 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 70 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Бавария» - Еуропаның үздігі!
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы