COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 62 науқас анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 62 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 40 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31148, 344 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26709 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 667 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 873 науқас жатыр. 1 794 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 97 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 17 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы