COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 543 науқас анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 543 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
32 адам емделіп шықты.1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 25 658, 284 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 549 жетті.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 968 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 33 жеткіншек бала бар. Стационарларда 3 843 науқас жатыр. 4 125 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 213 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 37 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратөан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде цифрландыру қарқыны қалай жүріп жатыр?
Өзгелердің жаңалығы