COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 408 науқас анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 408 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 71 адам емделіп шықты.1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 30 074, 332 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26 406 жетті.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 037 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 37 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 221 науқас жатыр. 1 816 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 125 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы