COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 299 науқас анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 299 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 96 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 32799, 353 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27169 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 303 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 56 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 881 науқас жатыр. 1 422 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 90 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы