COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған 235 науқас анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 235 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 36 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 30814, 338 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26569 жетті.Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 684 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 39 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 003 науқас жатыр. 1 681 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 102 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы