COVID-19, бұл – біздің қоғам үшін үлкен сынақ – Шимомура
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура коронавирустан қаза тапқандар рухына Ұлттық аза тұту күні бойынша мәлімдеме жасады.
Бүгін жаңа коронавирустық пандемия құрбандарын еске алу үшін Қазақстандағы БҰҰ жүйесі жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтады. Біздің тілегіміз бен дұғамыз осы дерттің барлық құрбанына бағышталған және барлық науқастың жылдам жазылуына тілектеспіз, - деді Шимомура.
Ол COVID-19 індеті тек денсаулық сақтау дағдарысы ғана емес екенін атап өтті.
Елде індет зардабы әсерін тигізбеген жан қалмады. Әсіресе, бұл балалар мен жастар, әйелдер, зейнеткерлер және мүгедектер сияқты ең осал топтарға аса үлкен ауыртпашылық тигізуде. Олардың көпшілігі білім алуға, медициналық қызметтерге, жұмыс орындарын сақтауға және бизнеске қатысты мәселелерге тап болды, - деді ол.БҰҰ Қазақстан халқымен ынтымақтастықта қиын сәтті еңсеру үшін бар күшін салады.
COVID-19, бұл – біздің қоғам үшін үлкен сынақ, біз бірлік танытқанда ғана осы қиыншылықтардан өте аламыз. Егер біз қалпына келтіру үрдісін дұрыс ұйымдастырсақ, біз болашақтағы сынақтарға бейім ел құра алатын тұрақты дамуға жете аламыз. БҰҰ жүйесі Қазақстан халқымен ынтымақтастықта және сіздермен бірге осы қиын сәтті еңсеру үшін бар күшімізді саламыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүкіл қазақ даласы қара жамылған күн – тарихшы
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы