Covid-19: Атырауда вирус жұқтырғандар арасында екі бала бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер Атыраудағы Covid -19 індетін жұқтырған 29 науқастың жағдайы қандай екенін айтты. 

Инфекциялық стационарға жатқызылған 26 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес,  6 сәуір күні Атырау облысындағы инфекциялық стационарда "коронавирустық инфекция" жұқтырғандар саны 29-ға жетті.

29 науқастың ішінде 16 жасқа дейінгі екі бала бар. Қазіргі уақытта жиырма алты науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, ал екі емделушіде аурудың орташа деңгейі байқалады. Бір науқастың ауруы күрделі өтуде, - деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы.
Инфекциялық стационардағы барлық емделушіге тиісті ем шаралары жүргізілуде, оларға толық медициналық көмек көрсетіледі.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы