COVID-19: Атырауда 83 адам дертінен айықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде коронавирус инфекциясынан айығып шыққандар саны 83 адамға жетті, деп хабарлады Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.
Теңіз кен орнының 41 жастағы қызметкері - инфекциялық стационардан емделіп шықты. Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен, - делінген таратылған ақпаратта.
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 83 адамға жетті. Ал, қауіпті індетті жұқтырғандар саны - 240.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
42 500 теңге: 2 миллионнан астам адам төлемін екінші рет алды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы