COVID-19: Атырауға арнайы дәрі-дәрмектер жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні Атырауға медикамент тиелген жүк ұшағы келіп қонды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Кеше мелекеттің қолдауымен Үндістаннан Алматыға COVID-19 инфекциясын емдеуге арналған дәрілер жеткізілген болатын. 3 тонна көлеміндегі препараттар Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруын "Теңізшевройл" компаниясы ұшағымен Атырауға шұғыл жетекізілді. Қазіргі кезде уақытша тапшы болып тұрған 15 түрлі дәрі – дәрмектер дәріханалар желісіне таратылады. Өйткені, Атыраудағы емдеу мекемелері қажетті медикаментпен 94%-ға қамтамасыз етілген.Қазақстан Президентінің тапсырмасымен аймақта дәріханалар желісін қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгін таңда арнайы жүк ұшағымен үлкен көлемде дәрі жеткізілді. Атырау облысы әкімінің міндеттеуіне сәйкес, өткен аптадан бері облыс дәріханаларын дәрі-дәрмекпен шұғыл қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Тұрғындар сұранысы толықтай қамтамасыз етілгенше, дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу жалғаса береді, – деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов.
Дәріханаларға медикаменттерді жеткізу жұмысы бүгін басталады. Сонымен бірге, осы жұма күні медикаменттің тағы бір партиясы жүк көлігімен жеткізіледі деп күтілуде.
Осылайша, дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты жалғаса береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы