Коронавирус. Анықтамасыз 19 жолаушы келген
Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. 25 наурызда ел аумағына Германия, Испания, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 33 халықаралық әуе рейсі келді.
4 423 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 404 адам, анықтамасыз 19 жолаушы келген.Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 959 жолаушы, анықтамамен - 1 944, анықтамасыз - 15;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 273 жолаушы, анықтамамен - 1 269; анықтамасыз - 4;
Шымкент қаласының әуежайына – 8 рейс, барлық 906 жолаушы анықтамамен келген;
Қостанай қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 148 жолаушы анықтамамен келген;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 129 жолаушы анықтамамен келген;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы анықтамамен келген;
Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген жолаушылар келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
24 наурызда шетелден анықтамасыз келген жолаушылардың ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметке сүйенсек, анықтамасыз келген 43 азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Баланы 1-сыныпқа қабылдауға қандай құжаттар керек екені айтылды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы