COVID-19: Алматының Наурызбай ауданындағы медицина қызметкерлері 100% екпе алды
Алматы, BAQ.KZ. №36 қалалық емхананың ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырғандардың ең алғашқысы екенін айта кеткен жөн.
Емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген атап өткендей, жалпы Наурызбай ауданы бойынша 4 емхананың 160 медицина қызметкеріне екпе салынды.
Оның ішінде, біздің емханамыздан 84 қызметкер. Біздің барлық медицина қызметкері өз еркімен вакцина алу туралы өтініш берді. Егу алар алдында барлық қызметкер дәрігердің тексерісінен өтті. Мұнда дене қызуы өлшенеді, эпидемиологиялық жағдайы (анамнезі) қаралады, уытты заттарға деген әсері, жүрек соғысының жиілігі бәрі тексеріледі. Егер дене қызуы 37° С-дан асқан жағдайда вакцина салынбайды. Екпеден соң қызметкерлер жарты сағаттың ішінде арнайы қарастырылған кабинетте әріптестердің бақылауында болады. Қазіргі таңда екпе алғандардың жай-күйі жақсы, ешқандай жанама әсер берген емес, - дейді Гүлжайнат Тілеген.
10 адам соматикалық аурулар анықталған себепті вакцина салынбаған. Бұл адамдар үшін вакцинация толық қалпына келгенге дейін 2-4 аптаға кейінге қалдырылыпты.
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ақпараты бойынша, ақпан айында тізімде көрсетілгендей, 2050 адам вакцина алуы тиіс. Олардың ішінде, ең алдымен иммундаудан жұқпалы аурулар ауруханасының жұмыскерлері, жедел медициналық жәрдем, жансақтау, медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК), қабылдау бөлімшесінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері өтеді. Екінші сатыда вакцинамен жалпы білім беретін мектептің, жоғары оқу орындарының, бірінші сатыға кірмеген медициналық қызмет жұмыскерлерін қамтиды. Үшінші сатыға мектеп-интернаттың, мектепке дейінгі балалар мекемесінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурумен ауратын адамдар, әлеуметтік-медициналық мекеме жұмыскерлері жатады.