12 Маусым 2020 2020, 10:36

COVID-19: Алматыда жоғары технологиялық зертхана ашылды

Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Іnstagram парақшасында Болат Өтемұратовтың қоры берген жоғары технологиялық зертхананың ашылғанын жазды. 

Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Іnstagram парақшасында Болат Өтемұратовтың қоры берген жоғары технологиялық зертхананың ашылғанын жазды. 

COVID-19-ды анықтау үшін күш салудамыз. Болат Өтемұратовтың қоры берген жоғары технологиялық зертхана ашылды. Жұмыссыздар, аз қамтылған және көпбалалы отбасының мүшелері; мүмкіндігі шектеулі адамдар, жоспарлы емдеуге жатқызылатын емделушілер және 50 жастан асқан, тыныс алу органдары мен эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйесі ауруларымен есепте тұрған науқастар, эпидемияға қарсы іс-қимылға қатысатын қауіп тобындағы адамдарға тегін тест жүргізіледі, - деп жазды әкім.

Модульдік кешен күніне мың зерттеу жүргізуге қауқарлы. Алдағы уақытта бес мыңға дейін арттыру мүмкіндігі бар. 


Бұл — қаладағы жетінші зертхана. Б. Өтемұратовқа және оның барлық командасына COVID-19-бен күреске қосқан үлесі үшін алғыс айтамын. Кешенді жұмыс коронавирусты жаппай жұқтыруға тосқауыл болып, оның өршіп кетпеуіне және эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді, - деп жазды Сағынтаев.