COVID-19: Алматыда 77 мың адам тестілеуден өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Осы уақытқа дейін Алматы қаласы бойынша 77 мың тест өткізілді. Оның 55 мыңы - ПТР, 22 мыңы - экспресс-тест. Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, тесттен өткендердің 19 мыңы - медицина қызметкерлері. Әскери және басқа саланың қызметкерлері де тесттен өтуде.
Қазір ел Президентінің тапсырмасына сай тесттен өткізу көлемін ұлғайтып жатырмыз. Алматыда күніне 2 мың тест жасалады. Бұл көрсеткішті тағы көтереміз, күніне 3 мың тест жасаймыз деп отырмыз, - деді ол.
Сонымен қатар, Жандарбек Бекшин сәуір айында коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі тәулігіне 6%-дан аспағандықтан, қала экономикасын кезең-кезеңімен қалпына келтіру стратегиясын іске асыру басталғанын айтты.
Осы уақытта Алматы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 1356 жағдай тіркелді. Карантиннен қауіпсіз шығу үшін Алматыда вирус жұқтырғандарды белсенді анықтау мақсатында жаппай тестілеу басталды. Халықтың әртүрлі топтарын, әсіресе коронавируспен күресте алдыңғы шепте жұмыс істеп жатқандар тексерілді. Тестілеу нәтижелері бойынша ауырғандардың нақты саны мегаполис тұрғындарының жалпы санының 0,06% құрайды, - деді Жандарбек Бекшин.
Тестпен халықтың кең қамту аурудың симптомсыз ағымы жағдайын анықтауға және жұқтыру ошағы аймағын анықтауға мүмкіндік беретін көрінеді. Бүгінгі таңда барлық ошақ, оның ішінде қалалық клиникалық орталық ауруханасы оқшауланған.
Қаладағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы жеті күнде Алматыдағы жұқтыру динамикасы 6% деңгейінде. Статистиканың өсуіне қорықпауға болады. Бұл тұрғындардың кең көлемде тестілеудің нәтижесі, - дейді Алматы қаласының бас санитары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жеңіс-75: Бюджеттен 7,6 млрд теңге бөлінді
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы