COVID-19: Алматыда 1 мыңға жуық адамға вакцина салынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда екі күн ішінде 900 медицина қызметкеріне коронавирусқа қарсы вакцина салынды.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус инфекциясына қарсы жаппай иммундау бойынша салынып жатқан вакцинаның есебін жариялады.

Онда 1 ақпан күні 360 медицина қызметкеріне екпе салынғаны және бүгін осы уақытқа дейін тағы 540 адам вакцина салдыртқаны көрсетілген.

Күннің соңына дейін вакцинацияланғандар саны одан да көп болуы мүмкін. 1 ақпанда вакцинациядан 32 адам бас тартты. Барлығы медициналық себептер бойынша (ЖРВИ, жөтел, басқа аурулар). Бұл адамдар үшін вакцинация толық қалпына келгенге дейін 2-4 аптаға кейінге қалдырылады. Вакцинациядан өткендерде жағымсыз әсерлер тіркелген жоқ, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, кеше Алматыға Ресейде жасалған «Спутник V» вакцинасының 2050 дозасы жеткізілген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы