COVID-19: Алматы облысында науқастар саны 2 адамға артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 2 адамға артты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Олар Еңбекшіқазақ ауданының 1991, 1998 жылы туған тұрғындары. 2 азаматтан алынған зертханалық тексеру кезінде олардың анализ нəтижелері оң болып шыққан, - деп хабарлады облыс əкімінің баспасөз қызметінен.
Қазір пациенттер Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасының инфекциялық стационарына жатқызылды. Олармен бірге бір үйде 4 адам болғаны анықталды. Аталған азаматтар 15 сəуірден бері үй карантинінде болған. Оларға жасалған COVID-19 вирусологиялық зерттеуі теріс нəтиже көрсетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы