COVID-19: Алматы облысында ауырғандар саны 53-ке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысында тағы 3 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Іле ауданы Өтеген батыр кентінің тұрғындары – 1967, 1975 және 1999 жылы туған азаматтардың мұрнынан жағынды алу мен COVID-19 инфекциясына алынған анализдерінің нәтижесі оң болып шықты. Қазір оларды Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық бөліміне жеткізу жұмыстары ұйымдастырылуда. Сырқаттардың 132 адаммен байланысқан, соның ішінде 13-імен үй ішінде, 219 адаммен жұмыста және қалғандарымен сыртта қарым-қатынаста болған. Олардың барлығы қазір дәрігерлердің бақылауына алынды, - делінген әкімдік хабарламасында.
Сонымен, Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 53-ке жетті, жазылып шыққандар – 9.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда қылмыс жасайтындардың 83,8% – жұмыссыз
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы