COVID-19. Әлемдік жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДСҰ мәліметтері бойынша, вакцинацияның төмен деңгейі және адамдардың локдауннан шаршауы Еуропада коронавирустың жаңа жағдайларының өсуіне әкелген. Сондай-ақ, соңғы бір жарым айда алғаш рет бүкіл әлемде covid-19-дан болатын өлім-жітімнің апталық деңгейінің өсуі байқалған.
Бүкіл әлем бойынша індетті жұқтырғандардың апталық есебі 8 пайызға өскендігін көрсеткен. Еуропада өсім 12% құраған, ал Америка мен Африкада індеттің жаңа жағдайларының саны аздап төмендеген.
Германия канцлері Ангела Меркель және аймақ басшылары мемлекетте енгізілген локдаунды 18 сәуірге дейін ұзартып, Пасха мейрамы кезінде қатайтуға шешім қабылдады. Пасха мерекесі кезінде, бес күн қатарынан "біз үйде боламыз" қағидасы қолданылады. Осы уақытқа аралығында барлық сауда нүктелері жабылмақ, тек сенбі күні ғана азық-түлік дүкендері үшін ерекше жағдай жасалады, қалған төрт күнде супермаркеттер де жабылмақ. Осы бес күнде қоғамдық орындарда жаппай жиналуға толық тыйым салынады. Германия үкіметі шіркеулер мен діни қауымдастықтарды Пасха қызметтерін онлайн форматта өткізуге шақырды.
Испанияның Денсаулық сақтау министрлігі AstraZeneca вакцинасын 55 пен 65 жас аралығындағы адамдарға қолдануға рұқсат берді. Бұрын бұл препарат Испанияда 55 жастан аспаған адамдарға ғана қолданылып келген.
Жапония COVID-19 таралуына байланысты қаңтар айының басынан бастап енгізілген төтенше жағдайды алып тастады. Наурыз айының соңына дейін мейрамханалар мен барлар үшін 21 сағаттан кейін, ал қызметкерлер үшін қашықтан жұмыс істеу туралы ұсыныстар күшінде қалады.