COVID-19. Әлемдік ахуал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусым айының соңына дейін Ұлыбританияның бүкіл әлеммен көлік байланысын қалпына келтіруі екіталай. Шетелде демалғысы келетін британдықтарға тамыз айына дейін мұндай мүмкіндік болмауы мүмкін. 

Ал, Ұлыбританиядағы келушілерге келетін болсақ, олар  10 күндік оқшаулану және 210 фунт стерлинг тұратын екі ПТР тестінен өтулері керек.

Черногориядан, Солтүстік Македония Республикасынан және Босния мен Герцеговинадан мыңдаған адамдар Сербияға коронавирусқа қарсы екпе алу үшін келген. Бұған дейін Сербия билігі шетелдіктерге 27 және 28 наурызда ақысыз екпеден өтуді ұсынған. Бастама үлкен резонанс тудырып отыр.

Англияда 29 наурыздан бастап екі отбасыдан алты адамға дейін ашық ауада кездесулерге рұқсат етілді, ашық бассейндер мен спорт алаңдары ашылды. Бұл ретте билік тұрғындарға шұғыл қажеттілік болмаса алыс сапарлардан аулақ болуға шақыруда.

Чили президенті Себастьян Пинера індеттің өршуіне байланысты Конституциялық конвенция мүшелерін сайлау бойынша дауыс беруді мамырдың ортасына ауыстыруды ұсынды.

Чехияның Брно қаласындағы зертхана мамандары індетті жұқтырған науқастардың сынамаларын талдау арқылы коронавирустың жаңа мутациясын анықтаған. Модификация пепломерлерге -  вирустық бөлшектің қабығындағы шыбықтарында болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы