COVID-19. Әлемдегі ахуал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германия 25 қараша мен 20 желтоқсан аралығына енгізілген карантинді одан ары ұзартпақ.
Жаңа мерзім - 10 қаңтарға белгіленіп, шектеу шаралары күшейтілді. Сәрсенбіде мемлекетте COVID-19-дың кесірінен болған өлім-жітімінің рекордтық деңгейі тіркелді: 952 адам қайтыс болды.
Рим мен Мадридте COVID-19-дың таралуын болдырмау мақсатында Рождество мерекесі қарсаңында қатаң шаралар қабылдауды қарастыруда.
Ұлыбританияда керісінше, Рождество мерекесі кезеңінде шектеу шаралары жеңілдетілмек, бірақ ел билігі ұзақ сапар мен топтық кездесулерге қатыспауға кеңес беруде.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалықтарды Рождество мерекесі кезінде бетперде тағуды және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды облысында санитарлық бекеттер алынады
Келесі жаңалық
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Өзгелердің жаңалығы