COVID-19: АҚШ вакцинаның үшінші дозасына рұқсат берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ иммунитеті төмен адамдарға вакцинаның үшінші дозасын қабылдауға рұқсат берді. 

Бұл туралы FDA (АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы) хабарлады.

Үшінші доза ретінде Pfizer және Moderna екпелері қолданылады.

Министрліктің хабарлауынша, бұл шешім елдегі дельта штамының таралуына байланысты қабылданған. Үшінші дозаны иммунитеті төмен адамдар ғана алады. Олардың санатына белгілі бір себеппен немесе жақын арада ауыр операциядан шыққан адамдар жатады.

FDA мәлімдеуінше, басқа санаттағы азаматтарға үшінші вакцинацияның қажеті жоқ. Себебі ұжымдық иммунитет біркелкі қалыптасу керек. 

Айта кетейік, АҚШ биыл қысқа қарай 12 жасқа дейінгі балаларды вакциналауға дайындық үстінде. Елдегі дәрі-дәрмек өндірушілері толық келісім берген жағдайда, FDA барлық жастағы балаға арналған екпелерді мақұлдауды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Pfizer, BioNtech және Moderna вакциналарын 12-18 жастағы балаларға тек шұғыл жағдайда қолданады. Ал жалпы елде вакцинация 18 жастан төмен балаларға рұқсат етілмеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы