COVID-19: АҚШ-та соңғы тәулікте 4 мыңға жуық адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясының салдарынан 3 963 адам қайтыс болды. 

Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш болды. Мемлекетте COVID-19 кесірінен барлығы 361 382 адам қайтыс болды, ал індетті жұқтырғандардың жалпы саны 21,4 миллионға жетті.

Ұлыбритания билігі алдағы күндері жаңа шектеу шараларын енгізетінін жариялады. Жалпыұлттық карантинмен қатар елге кіру және шығуға тыйым салынбақ.

Ирландияның Ryanair авиакомпаниясы Ұлыбритания мен Ирландия әуежайларындағы рейстердің санын азайтпақ. Қаңтар айының соңынан бастап ішкі рейстер мүлдем орындалмауы мүмкін немесе олардың саны күрт азайтылады.

Германияда COVID-19 қарсы екпе қабылдағандардың саны 417 060 адамға жетті. Олардың көпшілігі өздерінің кәсіби қызметіне байланысты вакцинациядан өткен – олар дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер және қарттар үйлерінің қызметкерлері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы