COVID-19. АҚШ мамандары вирустың қай елден шыққанын болжады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ ғалымдары жаңа коронавирус түрлерінің 2012 жылы қытайлық кеншілерде пайда болып, кейін сол жақтан тарап кетуі мүмкін екенін айтты.
Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.
Америкалық Bioscience Resource Project ұйымының атқарушы директоры Джонатан Латэмнің айтуынша, вирус ұзақ уақыт бойы бір адамның денесінде болған кезде эволюцияланып, бірнеше мутацияға ұшырауы мүмкін.
Бір кеншіде вирус жүздеген мутацияға ұшырап, ол вирустың пайда болуына әкелген. Онжылдықтар шамамен алты айға сыйып кеткен. Біздің теориямыз бойынша, осыған ұқсас эволюция 2012 жылы жұмбақ аурудан кейін кеншілердің өкпесінде де болған. Сол кезде кеншілерден алынған медициналық сынамадан вирус тарап кетуі мүмкін, - деді Латэм.
The Telegraph пайымдауынша, 2012 жылы Қытайдың Юньнань провинциясындағы кенді жарғанат қалдықтарынан тазалау кезінде алты кеншіден "пневмонияға ұқсас ауру" анықталған. Олардың үшеуі қайтыс болып, қалғандары алты айға дейін ауруханаға жатқызылған.
Содан бір жыл өткен соң, Ухан қаласының ғалымдары дәл сол жердегі жарғанаттардан RaTG13 коронавирусын тапқан, бұл 96 пайызға COVID-19 тудыратын вирусқа ұқсас.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы