COVID-19: Ақпан айында АҚШ-та жарты миллион адам қайтыс болуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпан айының ортасында АҚШ-та COVID-19 салдарынан болатын өлім-жітім саны 500 мыңға жетеді.
Бұл туралы АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) директоры Рошель Валенски мәлімдеді, деп жазды interfax.ru.
Ақпан айының ортасында біздің елде жарты миллион адам қаза болады деп күтілуде, - деді Валенски.
Оның айтуынша, COVID-19 жағдайы күн санап нашарлап келеді. Валенски АҚШ-та күнделікті өлім-жітім саны 4 мыңға жеткенін, ал пандемия басталғалы бергі болған өлімнің жалпы саны 400 мыңға жеткенін атап өтті.
Валенски АҚШ «ауруханаға жатқызу мен өлімнің жоғары деңгейіне» әкелетін «мерекелік сапарларға байланысты болған жағдайдың салдарын» әлі көрмегенін айтты.
Менің ойымша, бізді әуреге салар бірнеше апта әлі алды, - деп қосты ол.
Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, бүгінде АҚШ-та 23 миллион 911 мың 313 COVID-19 инфекциясы тіркелген, 397 мың 401 адам қайтыс болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тараз «жасыл аймақтан» «сары аймаққа» өтуі мүмкін – дәрігер
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы