COVID-19: Ақмолада карантин жеңілдетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қаулыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар келесідей:
- азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарын сатып алу; шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге баруды қоспағанда, барлық тұрғынға, әсіресе 65 жастан асқан адамдарға аса қажетті себептерсіз үйінен сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін шықпауға ұсынылады.
- белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шараларды өткізбей,келушілердің санын 30 пайыздан асырмай, діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагога және т.б.) қызметіне рұқсат беріледі;
- мәдениет объектілерінің (келушілердің санын 30 пайыздан асырмай, жеке, топпен репетиция) кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат беріледі;
- қала маңындағы жолаушылар поездарының/электр пойыздарының қозғалысы, қалааралық автобус, шағын автобус тасымалы жандандырылсын. 300 км-ден аспайтын қашықтықтағы облысаралық тасымалға рұқсат берілсін. Отыратын орын саны 75 пайыздан аспайтын, бірақ 15 адамнан асырмай жиі жүрмейтін қалалық тасымалдарға рұқсат беріледі;
- келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған жағдайда бекітілген кесте бойынша санитариялық күн өткізе отырып, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер жұмыс тәртібі сағат 07.00–ден 22.00-ге дейін шектеледі;
- (отбасы мүшелерін қоспағанда, 2 адамнан артық емес) такси қызметінің жұмыс тәртібі сағат 23:00-ден 06.00-ге дейін шектеледі;
- келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған жағдайда 500 ш.м. астам (бөлек тұрған) азық-түлік емес дүкендердің қызметі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін шектелсін. Олардың ішіндегі (жұмыс режимі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін және келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған) құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектерді сататын дүкендерді, азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, жексенбі күндері азық-түлік емес дүкендердің қызметі тоқтатылады;
- келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған жағдайдасауда ойын-сауық орталықтары, сауда объектілері қызметіне рұқсат беріледі. Олардың ішіндегі (жұмыс режимі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін және келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған кезде) құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектерді сататын СОО мен сауда желілерін,азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, жексенбі және мереке күндері ауданы 2000 және одан астам ш.м. сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда объектілерінің қызметі тоқтатылады;
- келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш. м. сақтаған, ҚР БМСД-нің № 57 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда жұмыс күндері сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейіназық-түлік емес және азық-түлік жабық базарларының (базарлар үлгісіндегі сауда үйлері, сауда орталықтары, павильондар, дүкендер және т. б.) қызметіне рұқсат берілсін. Жексенбі және мереке күндері қызметі тоқтатылады;
- азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлардың жұмыс режимі жексенбі күндері сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін шектеледі;
- (объект персоналы қорғау құралдарымен қамтылуы тиіс, қолғапсыз, бетпердесіз персонал жұмысқа жіберілмейді, келушілерге қызмет көрсеткен кезде персоналдың (официант) қолғапсыз, қорғау экрансыз жұмыс жасауына рұқсат берілмейді), көпшілік жаппай жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, үстелдер арасындағы 2 метрден және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтап, бір мезгілде есептік қуаттың 50 пайызынан артық емес 30 келушігедейін отырғыза алатын объектілер үшін 30 келушіден артық емес,жұмыс режимін сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін шектей отырып (тамақ жеткізу сағат 00.00-ге дейін )қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі;
- клиент залында (4 шаршы метрге 1 адам және оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілей отырып, кресло арасында кемінде 2 метр қашықтық) әлеуметтік қашықтықты сақтап, сұлулық салондары, шаштараз, маникюр және педикюр қызметтеріне, СПА орталықтары мен косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметіне рұқсат беріледі;
- алдын ала жазылу бойынша келушілердің санын 50 пайыздан асырмай және бір адамға 5 шаршы метрден кем емес қамтамасыз ету кезінде фитнес-орталықтары мен спорт-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат беріледі;
- келушілердің санын 50 пайыздан асырмай және бір адамға 4 шаршы метрден кем емес қамтамасыз ету кезінде монша мен сауна қызметіне рұқсат беріледі. Жексенбі күндері қызметі тоқтатылады;
- қоғамдық көліктің жұмысына (қарбалас сәтте автобустар санының артуы, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен өңдеу, барлық есіктердің ашылуы, отыратын орын саны бойынша толықтырылуы) рұқсат беріледі. Жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады;
- жұмыс режимімен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беріледі. Бұл ретте COVID-19 таралуы мен алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысатын ұйымдардан және тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындардан,құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлерінен басқа; қызметкерлердің кемінде 60 пайызы қашықтықтан жұмыс атқарады (штаттық кестеде 40-дан астам қызметкер болғанда);
- (алдын ала жазылу бойынша, автосалонда 2 клиенттен артық емес, ТҚС-да 3 клиенттен артық емес, тұрақты жұмыс орындары арасында кемінде 2 метр қашықтықтың болуы) тұрғындарға жанаспайтын қызмет түрлерін көрсету (көлік жуу, көлік жөндеу, тұрмыстық техника жөндеу және т.б.) объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі;
- бір адамға жеке форматта су ауданы 5 шаршы метр болған жағдайда алдын ала жазылу бойынша бассейн қызметіне рұқсат беріледі.
Айта кетейік, қаулы 12 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.