COVID-19: 904 бала ем қабылдап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 3.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратжариялады.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 827 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 904 бала бар. Стационарларда 3 541 науқас жатыр. 10 286 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 218 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
642 адам коронавирустан жазылып шықты
Келесі жаңалық
Қарулы күштерде ЖЖМ қызметіне қатысты нұсқаулық бекітіледі
Өзгелердің жаңалығы