COVID-19. 76 пациенттің жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 30 наурыздағы ақпаратты жариялады.
30 наурыздағы мәлімет бойынша, 24 180 адам коронавирус инфекциясынан (22 258 КВИ+ және 1 922 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 130 пациент стационарда, 16 050 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 364 адамның жағдайы ауыр;
• 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сонымен қатар 28 наурыздағы мәлімет бойынша, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жаңа жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған, 192 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: Науқастар саны – 50 443, өлім жағдайлары - 684, барлығы 47 837 адам сауығып шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Астана» клубы алғаш рет лига кубогының чемпионы атанды
Өзгелердің жаңалығы