COVID-19. 60-тан астам адамның жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 қаңтардағы мәлімет бойынша, 24 894 адам короновирус инфекциясынан (13 226 КВИ+ және 11 668 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 485 пациент стационарда, 18 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 312 адамның жағдайы ауыр;
• 61 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 49 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
2021 жылғы 17 қаңтардағы мәлімет бойынша 18 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 43 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 46 866, өлім жағдайлары - 542, барлығы 34 656 адам сауығып шықты.