Covid-19. 5 қаңтардан бастап жаңа шектеулер күшіне енеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 қаңтардан бастап Covid-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша жаңа карантиндік шаралар енгізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап Covid-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша қосымша шаралар шеңберінде жекелеген объектілердің қызметіне енгізілетін жаңа шектеулер күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен жұмыс және демалыс күндерінде сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне (азық-түлік емес), сауда желілеріне (сауда алаңы 6000 шаршы метрден астам), караокеге кіруге жұмыс режимі шектелмей, қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе (вакцинация, сынама алынған сәттен бастап 7 күннен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдар) болған жағдайда рұқсат етіледі, - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, коронавирустың «Омикрон»жұқпалылығы «Дельта» нұсқасына қарағанда 5 есе жоғары.

Қабылданған шаралар коронавирустың «Омикрон» түрінің таралу және жұғу жылдамдығына негізделген, ол қазірдің өзінде әлемнің 110 елінде анықталды. «Омикрон» түрінің таралуы бірқатар елдердің денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуін тудыруда. Осыған байланысты қабылданып отырған шаралар эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға, аурулар санының өсу қаупін азайтуға, неғұрлым қатаң шектеу шараларын енгізуге жол бермеуге бағытталған.

Коронавирустың бұл түрінің жұқпалылығы «Дельта» нұсқасына қарағанда 5 есе жоғары екенін есте сақтау керек, қайта жұқтыру қаупі жоғары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша ауру бірнеше айдың ішінде бүкіл әлемге таралуы мүмкін, - деп хабарлайды министрлік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы