COVID-19. 49 пациенттің жағдайы өте ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 8 қаңтардағы ақпаратты жариялады.

8 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 776 адам короновирус инфекциясынан (10 786 КВИ+ және 11 990 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 367 пациент стационарда, 17 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 291 адамның жағдайы ауыр;
• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 50 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы