COVID-19. 309 адамның жағдайы ауыр – Қожахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығына келіп түскен ресми ақпаратқа сәйкес осы жылдың 13 наурызынан бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясымен 104 713 адам ауырды. Жазылып шыққан науқастар саны 92 598 адамға (88,4%) жетті. 1 523 адам қайтыс болды. 10 597 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 52 бала бар. 5 673 адам стационарда болса, 4 924 адам амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. Емделіп жатқан 379 адамның денсаулық жағдайы ауыр және өте ауыр. Нақтырақ айтсақ, 309 адамның жағдайы ауыр және 70 науқастың денсаулығы өте нашар. 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Соңғы 1 тәулікте 175 адам COVID-19 жұқтырды. Өкінішке қарай, 13 адам қайтыс болды. Коронавирустық инфекцияға ұқсас белгілері бар, бірақ ПТР сынақ теріс көрсеткен мәлімет бойынша тамыздың 1-24 аралығында 22 744 науқас тіркелді. 4 519 науқас жазылып шықты, 258 адам қайтыс болды, - деді министрлік өкілі.

Бағдат Қожахметов соңғы 3 аптадағы жағдайды салыстырмалы түрде айтып берді.

Соңғы 3 аптадағы жағдайды салыстырмалы түрде айтатын болсақ, тамыздың 3-9 аралығында 7 108 адам вирус жұқтырса, 122 адам қайтыс болды. ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткен 7940 жағдай тіркелді. Ал тамыздың 10-ы мен 16-сы аралығында жағдай біршама өзгерді. Соңғы аптада COVID-19 вирусын 3 995 адам жұқтырды. 151 адам қайтыс болды. ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен 5 344 жағдай тіркелсе, 64 адам қайтыс болды. Соңғы 1 аптада, яғни 17-23 тамыз аралығында 1 685 адам вирус жұқтырды. 4 138 адамның ПТР тесті сынағынан теріс нәтижесі анықталып, оның ішінде тағы 40 адам қайтыс болды, - деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, карантин шаралары жеңілдетілгенмен, демалыс күндері өте қатаң бақыланылады. Вирустың таралуын тоқтату үшін осындай шешім қабылданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы