COVID-19. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 924 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 924 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 бала бар. Стационарларда 3 119 науқас жатыр. 2 805 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 144 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.





Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы