COVID-19. 239 науқастың жағдайы нашар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 15.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 738 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 041 бала бар. Стационарларда 4 187 науқас жатыр. 21 450 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 239 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 37 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 37 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
11 айда 1666 жаңа жоба іске қосылды – Мырзахметов
Келесі жаңалық
АҚШ долларының құны артып барады
Өзгелердің жаңалығы